Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында аграрлық университеттердің қалай трансформацияланып жатқаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметін трансформациялау бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл трансформация Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының өңірлік ғылыми және тәжірибелік ұйымдарын үш аграрлық жоғары оқу орнының құрамына беруді көздейді. Олар: «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ», – делінген жауапта. https://www.parlam.kz/kk/mazhilis/question-details/19326
Әлихан Смайыловтың айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі осы іс-шараларды аяқтағаннан кейін аталған жоғары оқу орындарын Ғылым және жоғары білім министрлігіне беру мәселесі қаралады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!