Ол кәсіби реформа өте кеш басталғанын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы «QazBilim»  жобаларының негізін қалаушы, тіл жанашыры Аятжан Ахметжанұлы «Желмая» жобасында айтты. 

Бізде білім саласында бірқатар реформа жасалды. Ең үлкен қателік кәсіби реформа өте кеш басталды. Біздің кәсіби реформалар 2019 жылы басталды. Аймағамбетов министр болғалы бері қолға алынды. Сағадиев пен Сәрінжіповтың заманында жасалған көп дүние – бізге 50 жыл мүмкін емес дүние. Біз лабораториялық кабинеттер дайын емес пәнді ағылшынша оқытамыз деп желпіндік. Мұғалімдерді 9 айдан 3 айға дейін ағылшын тіліне оқыттық. Соған кеткен ақша қайда? Сұрауы қайда? Бізде далаға кеткен экономиканың сұрауы болмайды. Министр мен әкім бірдеңеден қателессе, отставкаға жібере салатын жүйені түсінбеймін. Қатесіне жауап беруі керек. Мемлекетке әкелген шығынды өтесін. Болмаса, отырмасын. Сондай дүние болуы керек, – деді Аятжан Ахметжанұлы.

Оның айтуынша, біз көп нәрседе әлі 10-15 жыл бұрынғы мәселені қарастырып келеміз. 

2019 жылдан бері қарай жасалған реформаның жемісін енді 10-15 жылдан кейін көреміз, – деді ол.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/ayatzhan-ahmetzhanuly-bilim-salasyndagy-en-ulken-qatelikti-atady-284439/

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!