Сырдария ауданының түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуден 137 балл жинады.
Биылғы ҰБТ жылдағыдан өзгеше форматта өткізілуде. Түлектер сынаққа 2 мәрте қатысып, бақ сынай алады.
Тестілеуде сырдариялық жас түлек Айдана Нұрланқызы 137 бал жинап, үздіктер қатарынан көрінді. Айдана Жалғас – №44 орта мектептің «Алтын белгіге» үміткер оқушысы. Арманы асқақ, білімге құштар түлегіміз тынымсыз дайындықтың арқасында, ата-ана, мектеп ұстаздарының мерейін асқақтатып, бойға сіңген білімін дәлелдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!