Бұл туралы Қазақстанға ресми сапармен келген Аризона университеті ректорының орынбасары Лизл Фолкс вице-премьер Ералы Тоғжановпен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар Аризона университеті мен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасындағы ынтымақтастықты талқылады, деп көрсетті ҚР Білім және ғылым министрлігі.
Аризона университеті басшысының орынбасары Лизл Фолкс ынтымақтастықтың басты мақсаты халықаралық стандарттарға сай білім беру бағдарламаларын әзірлеу және қазақстандық университеттің ғылыми әлеуетін дамыту екенін айтты. Сонымен бірге ол тәрбие жұмысына қазақстандық тарап жауапты деп көрсетті.
«Біз Қазақстанның және М. Қозыбаев атындағы университеттің ерекшеліктерімен жақсы таныспыз. Біз ең алдымен серіктестеріміздің мәдениетіне үлкен мән береміз және құрметтейміз, ең бастысы, олардың дәстүрлі құндылықтарына ұқыптылықпен қараймыз. Осы орайда біздің ынтымақтастығымыз білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оқу жұмысы аясында жүзеге асатынын атап өткен жөн. Ал біз тек білім бөлігіне жауаптымыз. Бұл туралы келіссөздер барысында бірнеше рет келістік. Университетте тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылған, оқу-тәрбие бөлімі ректордың жеке бақылауында болады. Сол себепті оқу-тәрбие жұмысына араласып, оған өзгерістер енгізудің қажеті жоқ деп есептейміз», – деді Лизл Фолкс.
Естеріңізге саламыз, аталған университеттің америкалық білім ордасына басқаруға берулі қоғамда біраз талқыланған болатын. Сондай-ақ халық білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың отставкасын талап етіп, петицияға қол қойған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!