Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушылары Алғыс айту күніне орай челлендж бастады. Мерекелік іс-шараны оқу орнының жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Нәбиден Марат хабарлады.
– Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні – мейірімділік пен достықтың, бір-бірімізге деген сүйіспеншіліктің символы. Челлендждің алғашқы күнінен-ақ студенттер ерекше белсенділік танытуда. Мерекелік шара алдағы 3 күн бойы жалғасып, білім алушылар профессор-оқытушыларға алғыс білдіретін болады,-деді Нәбиден Марат.
Айта кету керек, қазіргі таңда оқу орнында он мыңнан астам білім алушы мен бес жүзден астам профессор-оқытушы бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!