(Ғылыми жобадан үзінді)
Алма Қыраубаеваның авторлық бағдарламасы өз өзектілігін жоймады. Себебі жаһандану үдерісі жалғасып жатқанымен, қазіргі қазақ қоғамында, білім саласында барлық мәчеле шешіліп қойған жоқ. Кезінде Алма Қараубаева айтып кеткен қазақ мектептерінің жай-күйі аса қатты өзгере қойған жоқ. Әлі де болса біздің қоғам ұлттық мектепке зәру. Десек те жақсы бастамалардың бар екенін жоққа шығармаймыз. Солардың бірі «Kemel adam» мектебі. Бұл мектеп өткен жылы, яғни 2023 жылы ашылды. Алдыға қойған мақсаты- ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие мен жаһандық білім беру. Негізінен әртүрлі бағдарлама болғанымен, Алма Қыраубаеваның «Сенім» бағдарламасы барша қазақ мектептерінің құрылымына жеңіл енгізіп жібере алатын икемді әрі ұтымды жоба екенін байқаймыз. Сол мақсатта аталмыш авторлық бағдарламаның құрылымдық ережелерінен үзінді беруді жөн көреміз.
«Қазіргі қазақ баласының бойындағы бір кемшілігі – өзіне сенімсіздік, жасықтық мінез. Баяғы Қазтуған мен Шалкиіз заманындағы қазақ мінезінен «Буыршынның бұта шайнар азуы» деп сезінген өрлік пен өр рухты көреміз. Сенімсіздікті қалыптастырған екі ғасырлық құлдық психология мен әміршіл жүйе болатын. Енді дәстүрлі қазақы тәрбиеміздің өміршең үрдістерін қазіргі заман ағымына үйлестіре алмай жатырмыз. Дәстүр құндылығы бір басқа да, уақыт құндылығы бір басқа. Бала санасында қазіргі қазақ азаматының рухани моделі қалыптаспағандықтан, сенімсіздік комплексіне ұшырайды. Ал өзге тілде тәрбие алған балада ұлттық мәдениетін білмеуден туған сенімсіздік бар. Сондықтан, ендігі тәрбиенің алдында тұрған зәру мәселе – қазіргі қазақ азаматының мінезін қалыптастыру. Өркениет әлеміне Қазақ құбылысы болып кіретін азамат дайындау. Ол, ең әуелі, өзіне сенімді адам. Өркениет әлеміне шығуға дайын адам ғана өзіне сенімді бола алады.»
Бұл бағдарлама бойынша тәрбие ұлттық негізде жүргізіледі. Ұлт ретінде қалыптастырған жақсы қасиетімізді сіңіріп, оны заманға қарай дамыту. Бірақ ұлттық шеңберден қамал соғып алып, өркениет жаққа қарай жасқана көз салғаннар гөрі, көтеріле түсіп, әлемдік деңгейден ұлтымызға көз салуымыз жөн дейміз.
Байқағанымыздай, аталмыш жүйенің басты мақсаты – қазақ балаларының жасқаншақтығын өзіне деген сенімділігімен ауыстыру, осы уақытқа дейін жиналып сақталған ұлт құндылықтарымыз бен қасиеттеріміздің озығы мен тозығын ажыратып, оларды заманның толқынына қарай келістіріп, дамыту, балалырдың бойына сіңіру.
Сара Базарбай
Н.Ильясов атындағы №9 мектеп
гимназиясының 11«А»сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!