Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 11 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жетісу облыстық сотының мәліметінше үкім төрт айыпталушыға қатысты шығарылған. Олардың қатарында Мйагүл Омарова да бар. Сотталушыларға «Пара алу», «Пара беру», «Алаяқтық» және «Салғырттық» бабымен айыптар тағылған. 

«Сот үкімімен О. мен А. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі «Пара алу» бойынша кінәлі деп танылып, оларға осы баппен мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

2020 жылдың тамызынан басап Алматы облысы білім басқармасының басшысы мемлекеттік сатып алулар саласында топпен бірге қылмыс жасаған.

«Сол арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу шартынын сомасының 10 пайызы көлемінде пара алу мақсатында А.- дайындаған М.-мен Н.-ға бағынышты ЖК-мен Алматы облысының білім беру мекемелеріне қашықтықта оқытуға арналған ноутбуктерді сатып алу туралы осы келісім шартқа қол қойған», – деп атап өтті сот өкілдері.

Кейін лауазымды тұлғалар сатып алынған ноутбуктерге  «Microsoft Windows» бағдарламасын еш шығынсыз интернет желісінен жүктеу арқылы өздері орнатқан. Салдарынан мемлекет 123 миллион теңгеге жуық шығын келген. Назархан УәнСәрсенбі, 24 Мамыр, 2023 09:520000000

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!