Алматы облысының Қарасай ауданында 14 жастағы 2 оқушы мопедпен газ құбырына соғылып, біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 13 қазанда сағат 14:30 шамасында болған.»Алдын ала мәлімет бойынша, 14 жастағы жасөспірім мотоцикл техникасын басқара алмай, газ құбырына соқтығысқан. Оқиға орнында кәмелетке толмаған жүргізуші қаза тауып, оның сыныптасы ауруханаға жеткізілді», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!