Фото: kp.kz

Алматы облысында он бір жасар мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция мен білім басқармасы баланың өлімін растады. Бала Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде алтыншы сыныпта оқыған. Білім бөлімі баланың толық және бақуатты отбасында өскенін хабарлады.

Қайғылы оқиға демалыс күні ата-анасы үйде, ал бала ағасымен ойнап жүргенде болған. Отбасында ешқандай жанжал болғамаған

«Баланың мектепте де ешқандай жанжалы болған жоқ. Үйінде өз бөлмесінде болған, кейін мәйіті табылды», — деді Жамбыл аудандық білім басқармасының басшысы.

Облыстық полиция департаменті оқиғаның 18 қарашада тіркелгенін мәлімдеді.

«Бұл деректі полиция Қылмыстық кодексінің 105 «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы, қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша тіркеді”, – делінген хабарламада. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін жедел-іздестіру шараларын және сараптамалық тексерулер жүргізеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!