Алматы облысындағы Бәйтерек ауылында шетелдік жазуы бар тұзды таяқшыларды жеген балалар жаппай уланып қалды. Олардың үшеуі ауруханада жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы almaty.tv арнасы хабарлады. Онда шетелдік астан 10 оқушының уланғаны айтылған. Ата-аналардың айтуынша, балалары дүкеннен түзды таяқшыларды сатып алып, жегеннен кейін жағдайлары күрт нашарлаған.

Айта кетейік, сабақ кезінде талып құлаған 10 оқушы Бәйтерек аулындағы мектепте білім алады. Ұстаздары «олар бірінші сабақта-ақ жүрегі айнып, құса бастады» дейді. Кейін осы мекемеден бірден ауруханаға жеткізіпті.

“Қытайша жазылған, не қазақ, не орыс тіліне аударылмаған өнімді, сақтау мерзімі жоқ затты алып жемеңдер деп сыныпты аралап бәріне айтып шықтым. Ата-аналарға да ескертті”, – деді Бәйтерек орта мектебінің директоры Жазира Балахан.

Бұл дерек бойынша,  Талғар аудандық полиция басқармасына арыз түсірілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!