Мұғалімдерді жұмысқа заң бұзушылықпен қабылдауда Алматы облысының Қарасай ауданы көш бастап тұр. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагогтарды заң бұзушылықпен қабылдау фактілері ең көп тіркелген өңір – Алматы облысының Қарасай ауданы. Бұл ауданда 77 факті тіркелген. Екінші орында – Қарағанды қаласы. Бұл шаһарда 62 жағдай, ал үшінші орында Түркістан қаласы, 57 факті тіркелген», – деді комитет төрағасы Ернұр Дауенов.

Ал мұндай факті Жамбыл облысында ең аз тіркелген. Бұл өңірде 2 жағдай ғана болған.

Жетісу облысында мұғалімдерді заң бұзушылықпен жұмыспен қамту бойынша 42 факті болған. Оның 25-сі Талдықорғанда, 17-сі Алакөл ауданында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!