Алматыда оқушыларға Путинді дәріптейтін фильм көрсетілген. Бұл туралы Dalainside телеграм каналы мәлімдеді.
7 желтоқсанда Алматыдағы «Цезарь» кинотеатрында оқушыларға «Россия. Нам 30 лет» атты деректі фильм көрсетілді. Фильм кейіпкерлері Ресейдің Қырымды аннексиялағанын қуаттап, қолдайды.Ал Алматы қаласының білім басқармасы «№ 132 гимназия оқушыларына аталған фильмді көрсетуге басқарма рұқсат берген жоқ» деп мәлімдеді.
«Жоғарыда айтылған жайттарға байланысты № 132 гимназия директоры К.А. Әбдіманаповаға өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін тәртіптік айыппұл салынады, яғни беріледі…» деді Алматы қаласының білім басқармасы өкілдері.
Білім басқармасындағы шенеуніктердің айтуынша, Алматыда № 132 гимназияның 8б және 8в сынып оқушыларына Ресей туралы фильм көрсетілген.Олардың сөзінше, Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы және «Россотрудничество» агенттігінің Қазақстандағы өкілдігі оларға тағы екі фильмнің көрсетіліміне қатысуды ұсынған.Бірінші фильм – «Россия. Нам 30 лет», екіншісі – «Земля больших кошек» деп аталады. Екіншісі Ресей мен Қытай аумағында барыстар популяциясын қалпына келтіру жөнінде баяндайды.Taulik.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!