Алматыдағы мектептердің бірінде сабақ үстінде жылу құбыры жарылып кетті, деп хабарлайды Экспресс К

Қаладағы №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясында жылу құбыры жарылған. Оқыс оқиға сабақ үстінде болып, оқушылар бірден сыртқа шығарылды.

Желіде тараған бейнежазға қатысты әзірге мектеп әкімшілігі пікір білдірген жоқ. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, құбыр жарылғанда бірнеше оқушы ыстық суға күйіп қалған. Ал мұғалім бұл уақытта асханаға кеткен көрінеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!