Алматыда екі көшенің қиылысында тұрған шатырдың видеосы тарады. Роликтің сипаттамасында «баспананы жалға алудың қымбаттығына байланысты студент осындай қадамға баруға мәжбүр» деп жазылған. Stopfake.kz мәліметтің рас-өтірігін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Іс жүзінде бұл шатыр «Бителеком» компаниясына тиесілі. Компания қызметкерлері оны қолданыстағы телефон канализациясында кабель тарту жұмыстарын жүргізу ыңғайлы болуы үшін орнатқан.
Полиция қызметкерлері түсірген видеода палатка ішінде компания қызметкерлерінің отырғаны, олардың жұмыс жүргізуге рұқсаты және жеке құжаттарының бар екені көрсетілген.
Демек, Алматыда көшеде шатыр тігіп, тұрып жатқан студент туралы ақпарат – фейк. Роликте көрсетілген шатыр кабель төсеу жұмыстарымен айналысатын компанияға тиесілі», – делінген Stopfake.kz мәліметінде
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!