Алматыда білім алуға келіп, бірақ жатын орын таппай жүрген студенттер Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне жиналды. Кезекке тұрғандардың барлығы панаға мұқтаж екендерін айтады. Бүгінде шәкірттердің бір бөлігі жатақханадан орын алса, енді бірі жалға пәтер алып тұруға мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жоғарғы оқу орынның мамандары 5 жатақханада 2086 орынның барын айтады. Оның ішінде алдымен 1-курстың студенттері мен әлеуметтік жағдайы нашар, көпбалалы отбасылардан шыққан тәлімгерлерге беріледі екен. Биыл Қазақ Ұлттық Педагогокалық университетінің 1-курсының өзіне 3308 студент қабылданды дейді. Ал бұған дейін жатақхана талап еткен жандар мұндай санатқа кірмей қалғандар дейді.

“Бізге 150-шақты студент пен ата-ана келіп осында бізден жатақхана сұрады. Ол ата-аналар мен студенттер осы біздің министрдің бұйрығы бойынша категорияларға, яғни белгілі бір санаттарға сәйкес емес студенттер. Кейбір ата-аналар мен студенттер сол хостелдер мен жатақханаларға бармай, осы университеттің жатақханаларын талап еткен болатын. Біз оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кейбіреулер қазір сонда жатып жатыр”, – деді Абай атындағы ҚазҰПУ әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов. 

Қазіргі уақытта мегаполистегі әрбір жоғарғы оқу орнының жанынан ахуалдық орталықтар ашылған. Онда жатын орынға мұқтаж студенттер барып, келісімшарт жасасқан хостел немесе жалға алған жатақханалардан орын ала алады. Мамандар хостелдердің құны әр балаға 30 мыңнан 60 мың теңгеге дейін қарастырылғанын мәлімдеді. Ал республика бойынша 20 мыңнан аса студентке жатақхана тапшы екен. 

“Жеке меншік студенттік жатақханалардың жалға алу арқылы біүгінгі таңда хостелдар дейміз ғой сол жерде 24  мыңнан астам студент жастар жалдап тұрады. Жалпы былтырғы жылмен салыстырғанда орын тапшылығы биылғы жылы өте көп төмендеген”, – деп мәлімдеді ғылым және жоғары білім министрлігі комитет төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан. 

Мамандардың сөзінше, шетелдік университет филиалдарының елімізде ашылуы, өңірлерге мақсатты гранттардың бөлінуі де мегаполиске келетін студенттердің санын азайтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!