Антикор білім саласындағы 102 қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді. 6 айдың қорытындысы бойынша алқа отырысында ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде Жемқорлық тәуекелдерінің картасы қолданылатынын айтты.
Play Video
Бұл әдіспен білім беру саласында сыртқы талдаулар жүргізіліп, жемқорлыққа жағдай жасайтын жүйелі проблемалар белгіленген. Соның арқасында саладағы тұтас қылмыстық схемалар ашылды. Алматы, Шымкент және Талдықорған қалаларының, Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының білім беру саласындағы лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр. Агенттіктің дерегінше, мектеп директорлары мен есепшілері бюджет қаражатын жымқырған деген күдікке ілінді.
Қазір ел бойынша білім беру саласында 102 қылмыстық іс тіркелген. Алдын ала мәліметке сай шығын көлемі 8 млрд теңгеге жуықтайды. Жалпы талдау нәтижелеріне сай әртүрлі салаларда жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 1100-ден астам ұсыныс әзірленді. Олардың 33%-ын мемлекеттік органдар орындады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!