Ақтауда тоқ соғуынан қаза тапқан жасөспірімінің ағасы бір жарым жылдан бері кінәлілерді анықтау үшін күресуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме беріп.
Бір жарым жыл бұрын 8-сынып оқушысы мектептің қоршауынан өтіп жатқанда, шам бағанасын ұстап, мерт болған. Медициналық сарапшылар оның тоқ түсіп қаза тапқанын айтады.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. Ақтаулық ер адамның айтуынша, полицейлер бір сараптаманың жоқ деп тергеу үрдісін тежеуде. Мерт болған оқушының ағасы құқық қорғау органдары мұны әдейі кешеуілдеткеніне сенімді.
Бұл жерде кернеуде қоршау немесе жарықтандыру тірегі болды ма, соны анықтау керек. Бірақ бір жылдан бері тергеу жаңа сараптама жүргізу мүмкін емес деп айтады. Алматыдан арнайы шақырылған мамандар «баған бөлшектеліп, алынып тасталған, нәтиже бере алмаймыз» деген.
Ер адамның айтуынша, кінәлілерді анықтау үшін алғашқы сараптаманы қолдануға болады.
“Егер бұл баған орнында тұрса, онда “бағанды жөндеп қойдық, қазір істеп тұр” деп айтар еді. Мүмкін, бұл істі жабу біреуге тиімді шығар. Бұл мәселе бойынша таныс заңгерлер мен қорғаушылармен сөйлестім. Фотосуреттер және бағананың дұрыс істемегенін көрсететін барлық хаттамалар бар. 5-6 тармақта соның бәрі көрсетілген. Баланың электр тоғынан қаза тапқаны туралы сараптама фактісі де қолымда. Менің ойымша, бұл жеткілікті”, – деді марқұмның ағасы Павел Макаров.
Полиция қызметкерлері бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
“Осы қылмыстық іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және қайталама сот-электр сараптамасы тағайындалады. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтерді жария ете алмаймыз”, Ақтау қалалық ПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары Әнуар Сүлейменов.
Ақтауда 13 000-ға жуық көше жарықтандыру бағаны бар. Олардың жарамдылығын күн сайын 20 адам тексереді.
“Қызметкерлер ақауды тексеріп, оны жоюға тырысады, бірақ өткен жылы мұндай апат орын алды. Қала тұрғындарынан ақауға қатысты шағым түссе, шеберлер бірден келеді. Алайда 13 мың бағанның бәрін қарауға үлгермейді”, – Ақтау қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Бақтияр Мақсатов.
Қайғылы оқиғадан бір апта бұрын коммуналдық кәсіпорын электр тіректеріне қызмет көрсетуді жеке компанияға тапсырған. Содан кейін шенеуніктер қорытынды жасауға асықпай, өлімнің себептері туралы сараптаманы күтуге шақырды. Сараптама дайын, бірақ кінәлілер әлі тиісті жазасын алмады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!