Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 15 жасар қыз өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KYN.KZ.
«Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында сағат 00.10-да Шалқар ауданы Бегімбет ауылы үйінің ауласында орналасқан сарайда асулы тұрған 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды. Аталған факті бойынша «суицидке жеткізу» ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде», — делінген хабарламада.
Айта кетелік, қазір аталған жағдайға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!