Ақтөбеде балаларды ұрып-соғып, дауға ұшыраған балабақша мемлекеттен 60 миллион теңгеден астам қаржы алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтөбеде «Амир» жеке балабақшасында шу шыққан еді. Ата-аналар балалардың жерде жартылай жалаңаш ұйықтайтынын байқады.
Кейбір ата-аналар тіпті балаларының балабақшадан көгеріп, сызатпен келетінін айтты. Тәрбиешілер балаларды ұрып-соғады деген күмән бар.
“Амир” балабақшасының өкілдері мұны арам пиғылдағылар әдейі жасады дейді. Осы уақытта ата-аналар полицияға хабарласып, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Үкіметтік тапсырыс аясында 60 миллион теңгеден астам ақша алып үлгерген балабақша жұмысын тоқтатты.
Аймақ басшысы Асхат Шахаров басқа да мектепке дейінгі мекемелердің жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Оның айтуынша, балабақшалардағы барлық залдарға ата-аналардың да қолжетімділігін қамтамасыз ететін бейнекамералар орнату қажет. Әкім білім басқармасының жұмысын сынға алды.
“Қазіргі уақытта жеделдік жоқ. Өте ұзақ жауап қаттыңыздар. Сіз немесе орынбасарыңыз сол күні бірден барып тексеріп, тұрғындарға тиісті ақпаратты жеткізуіңіз керек еді. Әрбір осындай жағдайға тез жауап беру керек. Полиция бөлімімен бірлесе отырып балабақшаларды қарап, ондай фактілер анықталса, шешім қабылдаңыздар», – деді облыс әкімі.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде балабақша тәрбилешілері балаларды ұрып-соққаны туралы жазған болатынбыз. Осыдан кейін балабақша лезде жабылды.
фото: Stan.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!