Ұлттық тестілеу орталығы жоғары оқу орнында оқып жатқан өткен жылғы мектеп және колледж түлектеріне маңызды ақпаратты жариялады деп хабарлайды turkystan.kz.

Орталық мамандарының мәліметінше, студенттер биылғы негізгі ҰБТ-ға қатысып, қайтадан 1 курсқа оқуға түсе алады.

«ҰБТ-ға қатысу үшін міндетті түрде университеттен шығудың қажеті жоқ. Жоғары оқу орнында оқып жатып, ҰБТ тапсыра беруге болады. Алайда тестілеуден тиісті балдарды жинап, грант конкурсына өтініш беретін кезде студент ретінде ешқандай университетте тіркелмеген болуыңыз керек» – деп жазылған ҰТО хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!