Оқу форматына қатысты өзгерістер енгізілді. 1-4 бастауыш сынып оқушылары штаттық форматта яғни мектепке барып білім алады. 600 оқушысы бар ауыл, қала мектептері де штаттық форматта жұмыс жасайды.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.
Сондай-ақ, колледждер аралас форматта оқиды. Практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер онлайн түрде өткізіледі.
«Вакцина алған студенттер оқу ордасына келіп, сабаққа қатыса алады. Бүгіннен бастап аймақтағы 30 колледждегі 19 692 студент үшін екінші семестр аралас форматта басталды»,- дейді басқарма басшысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!