Астанада «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты мен «Qazaq Debate» қозғалысы бірлесіп ұйымдастырып жатқан «AMANAT CUP» XXIII республикалық пікірсайыс турнирі басталды.

Биыл сайысқа 150-ге жуық өтінім келіп түсіп, нәтижесінде 60 үздік команда ақтық кезеңге жолдама алды. Осылайша, турнирге еліміздегі 17 облыс пен 3 қаладан 120-дан астам үздік спикер жиналды. Қатысушылар – 18 бен 35 жас аралығында.
Турнирге Қызылорда облысынан екі команда қатысуда:
1. «Қызылордаға – 100 жыл» командасы
Құрамы: Думан Набат, Олжас Нұрқанат.
2. «Ұшқыр ой» командасы
Құрамы: Хамит Аяжан, Анель Бейбітқызы.

Айта кетейік, ойы жүйрік, сөзі өтімді жастарды бір алаңда топтастырған интеллектуалды «AMANAT CUP» XXIII республикалық пікірсайыс турнирі екі күнге жалғасады. Ал жүлде қоры – 3 000 000 теңге.


Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!