Астанадағы 2-сынып оқушысы баспалдақтан құлап кеткен №14 мектеп-гимназиясының директоры Дидар Байтасов қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ото: 14.edu.kz
Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.
«Оқиғаға байланысты №14 мектеп-гимназиясының директоры қызметінен босатылды», – делінген әкімдік хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астананың №14 мектеп-гимназиясында жазатайым оқиға болып, оқушылардың бірі баспалдақтан құлағаны туралы жазған болатынбыз. Астананың білім басқармасы 25 қыркүйек күні оқушыны сыныптасы итеріп жібергенін мәлімдеді. Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!