Астанада Қазақстан мен Қытайдың Сыртқы істер министрлері келіссөздер жүргізіп, нәтижесі бойынша бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу екіжақты саяси және экономикалық ықпалдастықпен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуді де ұмытпау керегін айтты.

Екі ел халықтарының бір-бірінің мәдениеті мен тарихына деген қызығушылығын айқын көріп отырмыз. Бұл тұрғыда, Қазақстан мен Қытайдың мәдени орталықтарын ашу бойынша жұмысты қарқынды жүргізуге келістік, – деді ол.

Мұрат Нұртілеу «Қытайдағы Қазақстанның туризм жылы» және визасыз режим елдеріміз арасындағы туризмді одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Білім саласына тоқтай келе, биыл Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалын ашу туралы жоспарын қолдаймыз. Сонымен қатар Қытайдың озық техникалық университеттерінің филиалдарын Қазақстанда ашуға да мүдделіміз, – деп айтты СІМ басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!