Биылғы оқу жылы 31 мамырда аяқталады.

Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның оқу жылының аяқталар тұсы жақындағанда Facebook-тегі парақшасында жариялаған жазбасы көптің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Ол жазбасында 31 мамыр – соңғы қоңырау деп жалдамалы қымбат көліктерге, аспанға адамдарды алып ұшатын шарларға, ақылы вертолеттерге, тіпті котедждерге дейін тапсырыс беріп қойған ата-аналар кездесетінін атап өтіп, осы жайтты сынға алыпты. 

«Биылғы оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Ол саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнімен тұспа-тұс келіп тұр. Қаншама боздақтарды еске алып, осы бейбіт өмірімізге шүкіршілік ететін күн. Сол күні мектептерде оқушыларға түрлі деңгейде патриоттық тәрбие сағаттарын өтіп, ал 1 маусым – «Балаларды қорғау» күні жалпы тәрбиелік іс-шаралар мектеп қабырғаларында балалар үшін ұйымдастырылмақ», деп сөзін бастаған Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева аталған датада кеш ұйымдастыруға қарсы екенін білдіреді. Басқарма басшысы болғандықтан, маған көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде. 31 мамыр – соңғы қоңырау деп жалдамалы қымбат көліктерге, аспанға адамдарды алып ұшатын шарларға, ақылы вертолеттерге, тіпті котедждерге дейін тапсырыс беріп қойған ата-аналар кездесуде. Оны қалай түсінуге болады? Барлығы баламыздың көңілі үшін дейді. Ол қандай көңіл? Ал бала қауіпсіздігіне кім жауап береді? Апат айтып келмейді, «Сақтансаң сақ болсарсың» деген сөз бар емес пе? Соңғы қоңырау күндері қаншама мектеп бітірушілер жол апатына ұшырап, таудан құлап мерт болған жоқ па? Ол да сабақ болар уақыт жеткен сияқты», – делінген жазбада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!