Атырау облысыны Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон ауылында 19 қараша күні 14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқушы суицид жасаған сәтте үйінде жалғыз болған. Ата-анасы шаруалармен шығып кеткен. Ал бауырлары үйде болмаған. Кеш бата баласын іздеген ата-ана оның ұялы телефонына хабарласқан. Телефон қоңырауы үйдің шатырынан шыққан. Шатырға шыққан олар жасөспірімнің өлі денесін тапқан.»Қазақстан Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша «суицидке жеткізу» бойынша тергеу жүріп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», – деп мәлімдеді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!