Атырау облысының Жылыой ауданында 9-сынып оқушысы үйінің шатырында асылып өлген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
14 жастағы жасөспірімнің денесін ата-анасы тапқан. Қайғылы оқиға болатын күні үйде баладан басқа ешкім болмаған. Тек кешке ғана үйге отбасы мүшелері жиналған кезде оны іздеуге кіріскен. Оқушының ұялы телефонының дауысы шатырдан шыққан, сол жерден жансыз баланың да денесі табылады.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деп мәлімдеді Атырау облысының полиция департаменті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!