Фото elements.envato.com
Атырауда балаларды қинаған тәрбиеші 4 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Атыраудың №2 сотына сілтеме жасап.
Атыраудың № 2 сотында қинау, яғни «көрінеу кәмелетке толмағандарға қатысты ұдайы ұрып-соғу арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату» дерегі бойынша (ҚК-тің 110-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтары) балаларды оңалту орталығының маманына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот К.-ның міндетіне 45 минут ішінде жеке-дара ерекше балаларды дағдыларға үйрету, мінез-құлықты оңалту жұмыстары кірген. Ол балалар орталығының арнайы кабинетінде кәмелетке толмағандармен жеке сабақтар өткізу барысында үш кәмелетке толмаған баланы ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қодану әрекеттері арқылы тән зардабын немесе психикалық зардап келтірген.
Сотталушы К.-ның кінәсі жәбірленушілердің заңды өкілдері, куәлардың айғақтары, сараптама қорытындысы, бейнежазбалар және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденді. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады, – делінген сот мәлімдемесінде.
Сот соттылығының жоқтығын, асырауында кәмелетке толмаған баласының болуын ескеріп, К.-ны кінәлі деп тапты. Әйел төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, жәбірленушілердің пайдасына алты миллион теңге моральдық шығын өндірілді.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!