Атырауда №13, 31, 19, 22, 27 мектептің оқушылары төртінші тоқсаннан бастап қашықтан оқиды.
Атырауда №13, 31, 19, 22, 27 мектептің оқушылары төртінші тоқсаннан бастап қашықтан оқиды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мектептерде 2023 жылға күрделі жөндеу жоспарланған.
Қазіргі уақытта мердігер ұйымдармен шарттар жасалып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу наурыз айының соңында басталып, 3,5-6,5 айдан кейін аяқталуы керек.
«Жұмыстар авторлық және техникалық қадағалау ұйымдарын тарта отырып, бекітілген ЖСҚ бойынша орындалатды. Егер жөндеуді жазғы демалыста бастаса, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде жаңа оқу жылы басталғанға дейін жұмыстарды аяқталмауы да мүмкін», – деді қалалық білім бөлімі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!