Атырау облысындағы Жаңаталап ауданының 2 сыныбы қашықтықтан оқуға жіберілді. Себеп қызылша ауруының анықталуы деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Сәдуақасова айтты. Себебі 3 баладан қызылша ауруы анықталған.
“Жаңаталап ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектебінің 5 сыныбында 1 баладан, 3 сыныпта 2 оқушыдан қызылша ауруының белгілері анықталды. Осыған байланысты 3 сынып пен 5 сыныпты 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында қашықтықтан оқыту форматына көшіреміз деп шешім қабылдадық. Өйткені дизенфекция мен тазалық жұмыстары жүргізілу керек”, – деді ол.
Биыл аталмыш өңірде 2 наурыз бен 24 сәуір айы аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 15 жағдай тіркелген. Оның ішінде алтауынан қызылша ауруы зертханалық жолмен дәлелденп отыр. Ал 4 жағдай бойынша зертханалық тексеру қорытындысы теріс нәтиже берді. Сондай-ақ бес жағдайға байланысты зерттеу қорытындысы әлі жүргізіліп жатыр.
“Оған қоса науқастармен қарым-қатынаста болған 216 адам медициналық бақылауда. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 7 адамға қызылшаға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жалғасуда”, – дейді Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!