Ауыл мектебінің оқушылары көз протезін жасап шығарды. Жасанды көзді Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауылындағы №1 орта мектеп оқушылары ойлап тапқан, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрия Мұстафина мен Әмір Сайранов жобаларын Наурыз кездесулерінде Оқу-ағарту министріне таныстырды.

«Жасанды көзді үнді робототехнигі Канти Шарманың үлгісімен құрастырдық. Бұл жобаны жасауға өзіміздің сыныптасымыздың жағдайы түрткі болды», – деді оқушылар.

Әмір мен Дәрия жобаны екі айда жасап шыққан. Енді олар екінші көз протезін жасап, оны ми нейрондарымен байланысын зерттемекші.

15-17 наурыз аралығында заманауи ғылымның ең өзекті тақырыптарына арналған ғылыми жобалардың көктемгі байқауы өтіп жатыр. 150 жас ғалым жасанды интеллект, робот техникасы, машиналық ойлау және денсаулық сақтауды енгізу бойынша жүзден астам жобаны ұсынады. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/79969/

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!