Египет президенті азаматтарды бала тууды шектеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Президенттің айтуынша, елде қазіргідей өсім сақталса, халық саны жыл сайын 2 миллион адамға көбейіп, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына кедергі келтірмек. Ал 2052 жылға қарай Египет халқының саны 193 миллионға жетеді екен.

«Сондықтан Мысыр үшін ең тиімдісі, жылына 400 мың адамға көбею», дейді ас-Сиси.

Бірақ билік мәселені қатаң заңмен реттеуге ниетті емес. Ал ресми дерекке сүйенсек, Египет халқының саны 100 миллионнан асады. Және Мысыр әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі саналады. 2017 жылғы санақ бойынша оның әр үшінші азаматының жасы 15 пен 34 жас аралығын құраған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!