Математика – ең қызықты пәннің бірі. Ол шексіздігімен ерекше. Сондықтан әрбір сабақты балаларға қызықты етіп өткізу үшін үлкен дайындықпен барамыз. Бұл пән ойлау қабілетін  дамытады. Есепті шеше отыр, бала көп нәрсені үйренеді. Талдап-жүйелеп, үлгілерді тауып-дәлелдеп, қорытынды жасауға машық алады.

Google-дегі статистика көрсеткендей,  мұнда “Математиканы қалай меңгеремін?” деген сұрақпен жүгінетіндер көп екен. Себебі көбі оны қиынсынады. Алайда бұл жерде мұғалімінің тәжірибесі көмек.

Мұғалім, оқушы, ата-ана. Осы үштік одақ бірігу қажет. Біз оқушыларды ынталандыруымыз керек, қызығушылығын арттырып, бар білімін пайдаға жаратуға шақырғанымыз жөн. Оқушының математиканы білуі және болашақта оның пайдасын көруі маңызды. Өкінішке қарай балалар математиканы оқи бастағаннан кейін олардың өзін-өзі бағалауы төмендейді және күмәндана бастайды. Бұған жол бермеу керек.  Сол үшін барлық күшті математиканы оқыту әдістерін өзгертуге бағыттаған маңызды. Ата-аналардың да көмегі қажет. Үйде балаға бос уақыт қалдырмай, кесте жаттауға, қосымша есеп шығаруға баулу нәтиже береді.

Ұстаз ретінде байқағаным, кей балалар есепті өзі шығарса да, оны қалай шығарғанын айтуға жасқанады. Балаға бұл орайда сенім білдіру керек. Егер біз оқушылар үшін жұмсақ болып, мейірімді орта құра алмасақ, онда бәрі бекер. Сыныпта баланың қысылмай сөйлеп, ойын ашық жеткізуінде де мұғалімнің үлесі маңызды екенін есте ұстайық!

Аружан ӘБСӘЛИЕВА,

 И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!