Шымкентте бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.«Бала-бақша басшылары 2019-2021 жылдар аралығында балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізіп, мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың «Балапан» бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді» делінген хабарламада.Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!