Ерте кезімізден бастап бала тәрбиесі бірінші орынға қойылып,оған аса маңызбен қарайды.Және де әр ата-ана өз баласының ер жеткен кезінде оларға жақсы тәләм-тәрбие бергенін,жақсы адам болып шыққандығын көргісі келеді.Ал балаларға кейбір жағдайда ата-ананың қарауға,күні бойы оларға күтім жасауға уақыттары болмай,жұмыста болып жататыны өтірік емес.Осы жағдайда олар балабақшаға беріп жатады,себебі осы ортада олар дамып,басқа балалармен сөйлесіп,қоршаған ортаны танып біле бастайды.Осы кезден олардың өздерінің ойы,тіршілік танымы қалыптасады.
Балақшада тәрбиеленген бала ең алдымен белгілі бір заңдылыққа, тәртіпкке үйренеді.Ол дегеніміз мысалы балабақшада уақытылы ас ішіп,уақытылы ұйықтап тұру одан соң аз-аздан сабақтарға бейімделетініне көз жеткіземіз.Яғни мектеп табалдырығын аттаған кезде балабақшада тәләм тәрбие алған балаға қиын болмайды,ол сол балалардың ортасына тез кіріп,сабағында оқып жүре береді.Себебі,ол балабақшада да дәл солай жүрген болатын,ол ұшін бұл қиындық тудырмайды…
Осы білім жолында балаларға тәлім-тәрбие беретін бірде бір жандар олар тәрбиешілер.Бәріміз білетіндей ұстаздың бала өмірінде маңызы зор. Тәбриешінің ішкі жан дүниесі таза болса ол баладан нағыз азамат шығады.Ұядан не көрсең,ұщқанда соны іліесің дейді.Яғни баланың кішкентай кезінен бастап ақыл айтып,оларға жаман жақсы ажыратуға көмектесіп,өмірлік ұстаным беріп өсіру керек. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі-деген ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби атамыз.Мектеп жасына дейінгі балаларды мейрімділікке,қамқорлыққа, сабырлыққа,адамгершіліккке,ата-бабамыздан қалған мұраны қастерлеуге тәрбиелейді.Менің ойымша әр бала ол бір жеке әлем.Әр баланың тілін тауып,олардың барлығына белгілі бір көңіл бөлу керек.Ал кейбір кезде бұл қиын болады.Себебі қанша бала болса,сонша мінез,сонша ой.Бір сөзбен айтқанда бала өсіп бара жатқан гүл сияқты,ол күтімді,қомқоршылдықты талап етеді.Тек сонда ғана ол жайқалып өседі деп ойлаймын.
Егер әр тәрбиеші өзінің бойындағы барлық жақсылықты жинап,балаға бере алса,оларды дұрыс жолға салып,бағыт-бағдар көрсетсек онда нұр үстіне нұр болады.Абай атамның «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» деген асыл сөзі әр ұстаздың санасында болса,онда олардан өнегелі де,өнерлі балалар шығатынына сенімдімін.
«Томирис журегі» балабақша тәрбиешісі
Герасимова Юлия Владимировна
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!