Семейде әлеуметтік желіде оқушылардың суық ауа райында мектепке кіре алмай тұрғаны туралы ақпарат тарады. Осыған орай қала әкімдігі ресми жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін WhatsApp мессенджерінде және әлеуметтік желіде оқушылардың суық ауа райында мектепке кіре алмай тұрғаны туралы ақпарат тарады.
Белгілі болғандай, сурет Бобровка кентіндегі №44 жалпы орта мектепте түсірілген.
Алайда қала әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін, балалардың мектепке еш кедергісіз кіргенін мәлім етті.
«Бобровка кентіндегі білім ордасының ішкі тәртіп ережесіне сай оқушылар мектепке 07.00-ден бастап келеді. 24 қараша күні мектептің орталық есігі ашық тұрды. Келген оқушылар сол есіктен кіріп жатты. Ал бастауыш сынып оқушылары мектепке күнделікті мектептің қосалқы есігі арқылы кіретін. Бүгін күннің суықтығына байланысты, таңертеңгі сағат 07:20-да қосалқы есік жабылды. Оқушылар мектепке орталық есіктен кіргізілді», – делінген ақпаратта.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!