Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Альтаир» балалар лагерінде шу шықты. Ата-аналар демалыс орнындағы жағдайдың нашарлығына шағымданып, балаларын алып кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ата-аналардың айтуынша, лагерде балаларға жағдай мүлдем қарастырылмаған. Шағын, тар бөлмелерде тұрған бүлдіршіндер демалыс орнынан жылап қайтуда.
«Баламызды алып кеттік. Жаздық демалысты өте төмен деңгейде ұйымдастырған. Балалардың бөлмесі тар болғанымен қоса, ішінде небір жәндіктер мекендейді. Сұмдық» – дейді ата-атаналардың бірі.
Лагерь Қарасай ауданындағы Бекболат ауылында орналасқаны белгілі болды. Облыстық білім басқармасының басшысының айтуы бойынша, бүгін демалыс орнында тексеріс жұмыстары басталды.
«Ол лагерде Алматы облысының оқушылары демалып жатқан жоқ, басқа өңірден келген. Қазір облыстық прокуратура тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр» – деп хабарлады Салтанат Беспаева.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!