Павлодарда балаларға дөрекілік танытқан тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан қуылды.
Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. «Самал» оңалту орталығының қызметкері балаларды жұлқылап, кейбірінің бетінен шапалақпен ұрған. Ата-аналардың шағымынан кейін қызметтік тексеру басталып, полиция іс қозғады. Ал қызметіне салғырт қараған мекеме басшысына айыппұл салынды.
«Біз тексеру барысында тәрбиеші мамандардың аттестатциядан өтпегені анықталды. Оған қоса тәрбиешілер уақытылы біліктілігін аттыру курстарынан да өтпеген. Сол себепті орталықтың басшысына әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды»,-дейді білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Үзденбаева.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!