Қарағанды облысында Саран және Ақтас елді мекендеріндегі төрт мектепте директор мен оқу ісін меңгеруші жоқ деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “31” арнасының хабарына сүйене отырып.
Ата-аналардың сөзінше, Сарандағы №1 лицейде бір жыл бойы директор мен оның орынбасары тағайындалмаған. Ал олардың міндетін уақытша атқарып жүргендер үш ай сайын ауысып отырады. Бұған ашындарғандар қала және облыс білім басқармасының басшыларын шақырып, жиналыс ұйымдастыру керек дейді.
“Оқу үлгерімі нашарлап бара жатыр. Балаларды қадағалау деген жоқ екені көрініп тұр. Бұрын меңгеруші балалардың олимпиалаға қатысқанын қадағалап жүретін, қазір ол да жоқ, – дейді ата-ананың бірі Юлия Якимова.
Олардың сөзіне сенсек, лицей бұрын облыстағы мықты мектептердің бірі болған, бәрі сол жаққа баласын беруге ұмтылатын. Қазір ата-аналар балаларын репетиторға беріп жүр екен. Мектептерде ғимартты күтіп ұстайтын жұмысшылар да тапшы.
Ата-аналар бұған қала білім басқармасының жаңа басшысы кінәлі деп оны жұмыс қууды талап етті. Қала білім басқармасының басшысы директор болуға жарайтын резервистер тест сұрақтары қиындап кеткеннен сынақтан өте алмай қалған дейді. Мәселеге директор алатын жалақы аздығы да себеп.
“Мұғалімдер директорлар мен меңгерушілерден көп жалақы алады. ІІІ дәрежесі барлардың жалақысына 30% қосылады. ІІ дәрежелілердің жалақысына 50% қосылады, ал І дәрежесі барлардың жалқасы екі есе өседі. Осылай директорларды ынталандырамыз. Алайда ол бәрібір педагог алған еңбекақыға жетпейді”, – дейді Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Бақытгүл Әдекенова.
Ал Ағарту министрлігі аттестация және жалақы беру жүйесін қайта қарастырып жатқанын, тест тапсыру механизмін жеңілдететінін айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!