Қазнетте белгісіз біреулер мектептердің айналасына уланған тәттілер шашып жүр деген фейк ақпарат тарауда. Бұл туралы ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

StopFake.kz редакциясына Қазнетте тараған ақпаратты тексеруді сұрап, бір оқырман хабарласты. Онда белгісіз біреулер мектептердің айналасына уланған кәмпиттер мен печеньелер шашылады делінген. Бұл ойдан шығарылған жағдай.0000:00

Уланған тәттілер туралы хабарлама – 2022 жылдың қазан айының басында шыққан ресейлік фейк.

Дауыстық хабарламада қауіпті кәмпиттер Новошахтинск мектептерінің жанынан табылғандығы айтылған. Бұл – Ресейдегі қала. Хабарлама авторының айтуынша, бір кәмпитті бір ит жеп, өлгеннен кейін, олардың уланғаны анықталды.
Шындығында, мұндай жағдай болмаған. Новошахтинск әкімшілігінің хабарлауынша, таратылған хабарлама – фейк және қалада мұндай оқиғалар орын алмаған.
Хабарламаның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Оған сенбеңіздер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!