Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында мемлекеттік тапсырыс негізіндегі біліктілікті арттыру курстары сәтті аяқталды.
26 наурыз бен 5 сәуір аралығында өткізілген біліктілікті арттыру курстарында
- мектепалды даярлық топтарының, сыныптарының педагогтары;
- мектепке дейінгі ұйым педагогтары
- дефектолог-мұғалімдер, дефектологтар;
- педагог-ассистенттер;
- логопед-мұғалімдер, логопедтер;
- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері;
- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері;
- ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері;
- математика пәні мұғалімдері;
- музыка пәні мұғалімдері;
- география пәні мұғалімдері;
- тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімдері;
- бастауыш сынып мұғалімдері;
- Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушылары;
- орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері білімдерін жетілдірді.
Курс барысында кәсіби құзыреттілігін арттырып, білім, білік, дағдыларын шыңдаған тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
Айта кетейік, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту үнемі басты назарда болады.
Гүлхаят МАХМУТОВА,
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз хатшысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!