Қазіргі уақытга Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптастасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Студенттерге сапалы да, тиянақты білім берудің негізі – пәнді жан-жақты игеру, студент санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын калыптастыру, оқытудың белсенді әдісін қолдану.

Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. XXI ғасырда барлық ел бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі – функционалдық сауаттылық. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың аткаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты. Ендеше бүгінгі күні білім беру саласында оқытудың озық технологиясын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сонымен қоса жаңа технологияны меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық т.б. қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – студенттің оку-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Сондықтан техникалық білім беруде  кез келген пәнді оқыту технологиялары модульдік  оқыту жүйесімен  ұштастыру –  бүгінгі күннің басты талабы.

Әрбір оқу модулінде сағат саны әртүлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі – мұғалімнің даярлық жүйесі. Мұғалім бір оқу модульіне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.

    Модулдік оқыту технологиясы – жеке оқыту ұстанымына негізделгендіктен техникалық студент жеке бағдарлама бойынша өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Бұл технологияның ұтымдылығы – студентке қиын меңгерілетін тақырыптарды оңай жолмен игерту. Оқу материалының біртұтас жинақты өсу бағытымен берілуі, студенттің пәнге қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамытуы, ойын арқылы танымдық қызметін арттыруы – аталған технологияның ұтымды жақтары. Осы айтылған мәселелер сабақта қолданылатын әдістің өзектілігін айқындауға мүмкіндік береді.

Г.Әбдікәрімова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!