Фото: ашық дереккөзден

Тасқыннан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне ҰБТ-да жеңілдік жасалды.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлері үшін маңызды ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Егер үміткер негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл жинаса, сол талапкер қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижелерімен грант конкурсына қатыса алады», деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығы.

Бұл өңірлердің оқуға түсушілері үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!