Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыдан балағат сөз естіген мұғалімді қорғады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

«Мен №4 орта мектептің мұғалімімен телефон арқылы сөйлестім. Ол білім саласында 11 жыл бойы қызмет етіп келеді. Әріптесіме қолдау сөздер айтып, қажырлы еңбегі, шыдамдылығы мен адалдығы үшін алғыс білдірдім. Баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Өз тарапымыздан педагогтерге деген мұндай қарым-қатынасты, көзқарасты жойып, жолын кесу үшін қатаң шаралар қабылдайтынымызды ескертемін. Қоғамда мұғалімнің мәртебесі жоғары болуы керек», – деді министр.
© Oinet.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!