Адам өмірінің сапасын оның материалдық ахуалымен өлшеп жатамыз. Алайда шын мәнінде өмір сапасы неге байланысты? Өткізілген жылдарға ма, жоқ әлде, өкінішсіз, қамсыз күн кешуге ме? Ескі мен жаңаның, өткен мен бүгіннің арасын жалғайтын, бір ғана технологияны ойлап табу арқылы бүтін бір тарихты өзгертетін сиқырлы таяқшаны білім десек, сапа мен санның тоғысар тұсы да сол сынды. Демек адам өмірінің сапасы біліммен тікелей байланысты. Осыған орай соңғы уақытта түрлі тың идеялар ұсынылып, жаңа жобалар серпін алып келеді. Ал балаңыздың 10 жылдан соң немесе мектеп бітіргеннен кейінгі болашағына, кез келген шетелдік университеттен білім алуына қазірден-ақ мүмкіндік сыйлай алатыныңызды білесіз бе? «Халық-Life» компаниясының Қызылорда қаласы бойынша филиал директоры Әлімхан Багратионұлымен білімге инвестиция құю, қызылордалықтардың аталған мәселеге деген көзқарасы жөнінде сұқбаттасқан едік.
– Франклинше айтсақ, инвестицияның ең құндысы – білімге құйылғаны. Компанияның жаңа өнімі де білімді сақтандыруға бағытталған екен. Тиімді тұстарына тоқталсаңыз…
– Жақында ғана көптен күткен «Bilim-Life» атты жаңа сақтандыру өнімін нарықта алғаш боп шығарып, көпшілікке ұсындық. Аталған өнім Қазақстанның кез келген азаматына өз баласын еліміздің, сондай-ақ алыс-жақын шетелдердің жоғарғы оқу орындарына оқытуға қажетті соманы жинақтауға мүмкіндік береді.
Әрине, өмірді сақтандандыру бағытына бет бұра бастаған қазақстандықтар үшін «Bilim-Life» бірегей сақтандыру өнімі болмақ. Оның жүзеге асырылып, халыққа қолжетімді болуын еліміздің сақтандыру саласындағы нағыз серпіліс деуге болады. Өйткені, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда бірде-бір сақтандыру бағдарламасына мемлекет тарапынан сыйақы берілген жоқ. Әлеуметтік маңызын ескере отырып, сақтандыру қауымдастығы мен мемлекеттік институттардың, яғни, «Қаржы орталығы» АҚ белсенді жұмысының арқасында бізде мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында жаңа мақсатты сақтандыру өнімі пайда болды. Ата-аналардың бала болашағының берік іргетасын қалау мақсатында оған жақсы білім беріп, оның ересек өмірге дайын болуы қаншалықты маңызды екенін бәріміз түсінеміз.
Аталған жоба негізінде кез келген қазақстандық ата-аналарға өз баласын оқытуға «Bilim-Life» сақтандыру бағдарламасының арқасында жинақтау сомасына 5% мөлшерінде мемлекет сыйлықақыны алуына мүмкіндік бар. Ал көпбалалы ата-аналар жылдық 7%-бен қаражат жинақтай алады. «Bilim-Life» өмірді сақтандырудың басқа өнімдерімен салыстырғанда сақтандыру шартының қолданылу мерзіміне жоғары кепілдендірілген кірістілік мөлшерлемесімен және мемлекеттен сыйлықақымен артықшылыққа ие.
«Bilim-Life» бойынша сақтандыру жарналарының мөлшері айына ең аз дегенде 3 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК-тен) басталады және оның мөлшері шектелмейді. Мысалы, ата-аналар қазір 7 жастағы баласына «Bilim-Life» бағдарламасы бойынша 10 жылға шарт жасасуды ұйғарды делік. Оның 17 жасқа толуына орай білім алуға жеткілікті соманы, яғни 10 млн теңгені алу үшін ай сайын 42 мың теңгеден жарна салып отыруы қажет. Жинақтау мерзімі аяқталғаннан кейін бұл сома бала оқитын білім беру мекемесінің шотына түседі. Өнім өте тиімді. Себебі тұтынушы 8%-ға дейін кепілдендірілген кіріс (2,3 млн теңге) және мемлекеттен сыйлықақы, яғни, 7% көлемінде арнайы әлеуметтік санатқа жататын (әке-шешесінен айырылған балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және аз қамтылған жанұяның балалары) және 5% көлемінде қалған барлық санаттағы тұрғындар (2,6 млн теңге) есебінен қомақты қосымша соманы алатын болады. Алайда өнімнің ең басты басымдығы сақтандырылған ата-ана үшін сақтандыру қорғанысының болуы. Шынында да, сақтандырудың бүкіл мерзімі үшін тұтынушы ата-ана кез-келген себеппен мүгедек болудан немесе өмірден қайтыс болудан сақтандырылған. Сондықтан компания клиенттері «Bilim-Life» бағдарламасы бойынша балаларының ата-аналарымен қандай да бір жағымсыз жағдай орын алса да, жоғары оқу орнына түскен кезде барлық соманы алуға кепілдік беріп отыр.
– Ата-ана баласына арнайы сақтандыру шотын ашты делік. Алайда ізденісі мен білімінің арқасында бала білім беру грантын жеңіп алды. Мұндай жағдайда не болады?
– Егер бала білім беру грантын жеңіп алатын болса, мұндай жинақтарды сақтандыру компаниясынан инвестициялық табыспен және мемлекет сыйлықақысымен алуға немесе басқа балаға сақтандыруды қайта рәсімдеуге болады.
Бұдан бөлек бағдарлама бойынша жинақтың мөлшеріне шектеу жоқ және осы жинаққа сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры толық кепілдік береді. Компания тұтынушыларының салықты үнемдеуге – салық салынатын кірісті сақтандыру сыйлықақыларының сомасына (күнтізбелік жылда 320 АЕК-ке дейін) азайтуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте сақтандыру жарналарының мерзімі мен мөлшері шектелмейді.
– Компанияның тарихына тоқталып өтсеңіз…
– «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 56,4 млрд теңгені құрайды. Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі бойынша оның қаржылық тұрақтылықтың рейтингісі «ВВВ-» деңгейіндегі және қазақстандық ұлттық межесі бойынша «kzAAA» дәрежесінде. Рейтингтердің болжамы тұрақты. АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігі бойынша қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb-» деңгейінде. «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып келеді.
Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Компанияның лицензиясы жаңа өнімді алуына байланысты 2022 жылы қайта жаңартудан өтті.
– Сұқбатыңызға рақмет!
Әңгімелескен
Дина БӨКЕБАЙ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!