Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары басшыларының инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында «Бір мектеп – бір жоба» облыстық байқауының қалалық кезеңі өткен болатын.

Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей базасында байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Шараға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ кометінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы қатысты.

– Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін – әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Сіздер «Бір мектеп – бір жоба» байқауы аясында ашық сабақ өткізіп, жоба қорғадыңыздар. Сіздерге шығармашылық жетістік тілеймін, – деді Ерлан Теңізбайұлы.

Байқауға қатысқан барлық басшылар арнайы алғыс хаттар мен қалалық кәсіподақ комитетінің ақшалай сыйлықтары табысталды.

«Бір мектеп – бір жоба» байқауының облыстық кезеңіне №264 мектеп-лицейінің директоры Бек Сұлтанбекұлы, №101 мектеп-лицейінің директоры Айгүл Алтынбекқызы, №10 мектеп-лицейінің директоры Асылбек Бақытбекұлы жолдама алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!