Абай облысы Үржар ауданы Жанай орта мектебінің үш қызметкері жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 09.12.2022 жылы сағат 14:45-те “Таскескен-Бақты” тасжолында орын алды. 29 жастағы Toyota Carina E маркалы көлік жүргізуші рулді басқара алмай, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!