фото: Sputnik / Владислав Воднев
Қазірдің өзінде 2,5 мыңнан астам педагог, психолог және білім беру жүйесінің қызметкерлері оқытылды. Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектеп пен колледжде алғаш рет буллингке қарсы «ДосболLIKE» профилактикалық бағдарламасы енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бағдарлама «шағым → талдау → көмек жоспары → қадағалау үлгісі» тәртібі бойынша жұмыс істейді. Соның аясында арнайы антибуллингтік топтар мен кейінгі бақылау шаралары да қолданылады. Бұған дейін бұл тәжірибені 50 мектепте сынап көрген.
Біз «ДосболLIKE» бағдарламасын буллингтің алдын алудағы тұрақты құрал ретінде қарастырамыз. Апробация нәтижелері көрсеткендей, мұғалімдер, ата-аналар мен балалар бірлесіп жұмыс істейді. Соның нәтижесінде жанжалдасу деңгейі төмендеп, сенім мен сыйластық мәдениетін қалыптастасады және мектеп ортасы анағұрлым қауіпсіз әрі қолайлы бола бастайды, — дейді балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Бағдарлама аясында мамандарды даярлау шаралары да қарастырылды. Қазірдің өзінде 2,5 мыңнан астам педагог, психолог және білім беру жүйесінің қызметкерлері оқытылды.
Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 8 мыңнан астам маманға жеткізу жоспарланып отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!