Сурет: phxere

Қазақстанда 2024 жылы орта білім беру ұйымдарын жылдам және тұрақты интернетпен қамту 65 пайыздан 80 пайызға дейін артады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл қазақстан мектептерінің 80%-на дейін жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл шара оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.

«Мектептерде жоғары жылдамдықтағы интернетті қамтамасыз етудің бірнеше маңызды артықшылықтары бар. Біріншіден, бұл оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, оқу процесі мен ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді. Екіншіден, жоғары жылдамдықтағы интернет түрлі онлайн-платформалар арқылы басқа мектептермен және білім беру мекемелерімен өзара іс – қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, коммуникацияны дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді», – деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!