Биыл мектеп бітіретін түлектерге аттестат алған соң той-томалақ, ойын-сауық өткізуге болмайды, – деп хабарлайда 24.kz.
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің өкілі Самал Қадырова айтты. Аттестатты табыстау мектепте өтуі тиіс. Мерекелік үстел ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. Соңғы қоңырау мерекесі барлық мектепте 25 мамырда өтеді. Аттестаттарды салтанатты тапсыру 16-17 маусымға жоспарланып отыр.
ҚР БҒМ ҚБД тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы Самал Қадырова: «Аниматорлар шақырып, мерекені ұйымдастыратын агенттіктердің, әртістер, жекеменшік студияға салтанатты кеш өткізу үшін ақы төлеу, мерекелік үстелдер ұйымдастыру, автомобильдерді жалға алып, қала (аудан) бойынша көшпелі экскурсиялар өткізу, мектеп әкімшілігі мен педагогтерге сыйлыққа ақшалай қаражат жинау, ойын-сауық кешін ұйымдастыруға тыйым салынады», – деді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!